Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылды

0
2 491

Коммуналдық апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылып, бу клубтары жолды жауып тастады, деп жазады baq.kz.

20 ақпан күні сағат 10:45-те Қосшығұлұлы көшесі ауданында диаметрі 500 мм жылу трассасы жарылды. Осы учаскені тексеру кезінде ТМ-43-те тесілген жер анықталды. Көлік қозғалысында өзгерістер жоқ, - деп хабарлады «Астана-Теплотранзит» АҚ баспасөз қызметі.

Қазір тесілген жерді жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Коммуналдық апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.