Нұр-Сұлтандағы қайғылы оқиға салдарынан бір адам қаза болды

0
547

Өрт сөндірушілер жиырма адамды отқа оранған ғимараттан алып шықты. Алайда бір адамның өірін сақтап қалу мүмкін болмады.


Нұр-Сұлтандағы қайғылы оқиға салдарынан бір адам қаза болды

ERNUR.KZ. Елордадағы бесқабатты үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер жиырма адамды құтқарды, оның тоғызы - бала, деп жазады sputniknews.kz.

"Сағат 14.14-те "101" пультіне Күйші Дина, 39/1 мекен-жайындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарланды. 7 минуттан соң оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті", - деді департаменттегілер.

Бір адам қаза болды. Алын ала мәліметке сәйкес, 12 адам зардап шеккен. Оның жартысы - бала. Бәрі ауруханаға жеткізілді.

Мамандар жиырма адамды құтқарды. Олардың жартысына жуығы бала. Өкінішке қарай, пәтерлердің бірінде өрт сөндірушілер 1987 жылы туған әйелдің денесін тапты.