Оңтүстік Кореядағы қайғылы оқиға: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

0
269

Оңтүстік Кореяның ресми өкілдері мен БАҚ Сеул маңындағы Хвасон қаласындағы литий батареялары зауытында өрттен 22 адамның қаза тапқанын хабарлады.


Оңтүстік Кореядағы қайғылы оқиға: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

Қазақстан СІМ Оңтүстік Кореядағы зауытта болған өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ретте Оңтүстік Кореяның ресми өкілдері мен БАҚ Сеул маңындағы Хвасон қаласындағы литий батареялары зауытында өрттен 22 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Өрт сөндіру бөлімінің өкілі Ким Джин Ен қаза тапқандар арасында 18 Қытай азаматы, бір Лаос және екі оңтүстіккореялық жұмысшы бар екенін айтты. Әзірге барлық марқұмының жеке басы анықталған жоқ. Тағы бір адам із-түзсіз жоғалған деп есептеледі. Жұмысшылардың күнделікті тізімі жойылғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Оңтүстік Кореяның өртсөндірушілері қаза тапқандардың көпшілігі қатты күйіп қалғанын, сондықтан олардың жеке басын анықтауға уақыт қажет екенін қосты.

Еске салайық, кеше таңертең Сеулден оңтүстікке қарай 45 шақырым жерде орналасқан Хвасон қаласындағы зауытта өрт шыққан болатын.