Оралда су басу қаупіне байланысты Маштаков ауылынан тұрғындар көшірілді

0
524

Маштаков ауылына кіреберісте жергілікті маңызы бар топырақты жолды су шайып кетті.


Оралда су басу қаупіне байланысты Маштаков ауылынан тұрғындар көшірілді

ERNUR.KZ. Оралда су басу қаупіне байланысты Маштаков ауылынан тұрғындар көшірілді, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 14 наурыз күні сағат 20.00-де Маштаков ауылына кіреберісте жергілікті маңызы бар топырақты жолды су шайып кетті.

«Соның салдарынан Маштаков ауылына қауіп төнді. 70-80 тұрғын өз еріктерімен жақын-жуықтарына орналасты. Қалғандары Деркөл кентіндегі мәдениет үйіне эвакуацияланды. Халықты көшіру үшін «Уралавтотранс» ЖШС автопаркінен бір автобус шығарылды. Сондай-ақ ТЖ күштерінен 76 адам, 9 техника, жергілікті атқарушы органнан 3 автобус, экскаватор, 3 «КамАЗ», Орал қаласы полиция басқармасынан 6 техника, 15 адам жұмылдырылды», деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауылға су кіріп, 44 адам эвакуацияланған болатын.

Сондай-ақ БҚО-да республикалық жолды су шайып кетті.

БҚО-да су шайып кетуіне байланысты тағы бір республикалық жол жабылды.

Батыс Қазақстанның Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланды.