​Орталық сайлау комиссиясының жанынан жас сайлаушылар клубы құрылды

0
398

Клубты құрудағы мақсат - жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру.


​Орталық сайлау комиссиясының жанынан жас сайлаушылар клубы құрылды

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясының жанынан жас сайлаушылар клубы құрылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін комиссия арнайы қаулы шығарды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес комиссия жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылсын. Осы қаулы қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енеді" делінген хабарламада.

Клубты құрудағы мақсат - жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру.

Ұйым жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеп, олардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарайды, жас буынның сайлау процесіне қызығушылығын арттырумен айналысады.

Клуб жұмысына жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.