Адвокат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен алған жауапты жариялады.
ERNUR.KZ. Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жәбірленушелірдің қорғаушысы болған Жанна Оразбақова экс-министрдің қай түрмеде жазасын өтеп жүргенін білді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Адвокат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен алған жауапты жариялады. Оған сәйкес, сотталған экс-министр Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ҚАЖД №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Бұған дейін Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы мәлімет тарады. Бірақ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті ол ақпаратты жоққа шығарды.