Өрт орын алған саяжай учаскесінен ер адам мен әйелдің мәйіті табылды.
ERNUR.KZ. Өскеменде өрттен екі адам қаза тапты, - деп жазады tengrinews.kz.
Өрт сөндіру қызметінің мамандары оқиға болған жерге (саяжай учаскесіне) әзер жеткен. Өрт туралы хабар 8 маусымда шамамен түнгі 23:00 кезінде "Колос" саяжай серіктестігінен түскен.
"№ 2 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде, өрт шыққан аймаққа әзер жеткен, себебі онда қатты металдан қоршау орнатылған. Аулада ағаштан жасалған бастырма өртеніп жатқан. Сондай-ақ, ішінен жабылатын металл вагоны да боғлан. Онда ер адам мен әйелдің мәйіті табылды", - дедіқалалық ТЖБ бапасөз қызметінің өкілдері.
Өрт салғырттық салдарынан немесе электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін.