Павлодар облысындағы балалар үйінде 11 бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды

0
113

Тек 10 жасқа дейінгі балалар медициналық тексеруден өтіп жатыр.


Павлодар облысындағы балалар үйінде 11 бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды

Фото: Freepik.com

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы балалар үйінде 11 бала педофилдің құрбаны болғаны анықталды, деп жазады stan.kz.

Асырап алған отбасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздың оқиғасынан кейін облыстағы барлық мемлекеттік мекемелердің тәрбиеленушілері тексеріліп жатыр.

Алғашқыда жыныстық зорлық-зомбылықтың 6 құрбаны анықталса, қазір 11 жағдай белгілі болды. Атап айтсақ, бір отбасында әр уақытта төрт баланы анасымен бірге тұратын сүйіктісі зорлаған. Болған жағдайдан кейін кәмелетке толмаған балаларды отбасыдан алып алды.

“Балаларды отбасыдан алып алғаннан кейін балаларды мұқият медициналық тексеруден өткізу керек. Суидцид жасаған балаларды да медицина мамандарымен жұмыс істеуі керек. Майқайыңдағы 6-сынып оқитын қыз өзіне қол салмақ болған”, – дейді облыстағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова.

Полиция 8 жағдай бойынша соотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 3 жағдайдың құрамында қылмыстың құқық бұзушылықтың бар-жоғын анықталып жатыр.

Балалар үйінде медициналық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ тек 10 жасқа дейінгі балалар медициналық тексеруден өтіп жатыр.