"Өскенде қайтарып беремін": Жұртты жылатқан 9 жасар баланың отбасына үй берілді

0
1 315

Анасы да, өзі де қиналып кеткенін айтып, елден көмек сұраған 9 жасар баланың арманы орындалды.


ERNUR.KZ. Оразымбет есімді оқушының отбасы баспаналы болды, деп жазады Экспресс К.

©ЭК

Қаңтардың екінші жартысында әлеуметтік желілерде жас баланың елден көмек сұраған видеосы тараған болатын. Онда бір отбасының жұпыны үйде тұрып жатқанын көруге болады.

Тұрмысы төмен отбасы "Харекет" қорының мұрындық болуымен үйлі болып отыр. Қордың Шымкент қалалық филиалының басшысы Серік Дарбышевтің айтуынша, бұл жанұяға Шымкент қаласынан 5 бөлмелі үй берілді. Одан бөлек Оразымбеттің атына депозит ашылып, онда 5 миллион теңге аударылған. Бұл қаржы оқушы 18 жасқа толғанша сонда сақталады. Сонымен қатар, баланың анасының көзін емдетуге де қордағылар қол ұшын созған. Енді мүмкіндігі шектеулі әйел көзін емдетеді. Айта кетейік, бұл "Харекет" қорының көмекке мұқтаж отбасыларға табыстаған 561-ші баспана.