Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

0
2 405

Қазақстанда өткен тәулікте 6 адам коронавирустан, 3 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.


Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды. Ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Министрлік мәліметі бойынша, 18 854 адам короновирус инфекциясынан (13 546 КВИ+ және 5 308 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 497 пациент стационарда, 14 357 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 223 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 5 наурыздағы мәлімет бойынша 52 жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 212 адам жазылып шыққан.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 49 556;
өлім жағдайлары – 640;
емделіп шыққандар саны – 43 608.