​Пандемиямен күресте Қазақстанға iрі шетелдік инвестор қолдау көрсетпек

0
699

Жаһандық The Coca-Cola Foundation қоры короновируспен күреске арнайы гранттар бөлген.


иллюстрациялық фото

Пандемиямен күресте Қазақстанға iрі шетелдік инвестор қолдау көрсетпек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстандағы ең ірі шетел инвесторларының бірі COVID-19 эпидемиясымен күресте шетте қалмай, игі іске өз үлесін қосуда. Компанияның өзінде хабарлағандай, жаһандық The Coca-Cola Foundation қоры бөлген қаражаттың көп бөлігі ҚР Денсаулық министрлігіне қолдау көрсетуге бағытталады.

«Әлеуметтік жауапты бизнес ретінде біз қоғамға қолдау көрсету ісінде шетте қала алмаймыз. Жаһандық The Coca-Cola Foundation қоры короновируспен күреске арнайы гранттар бөлген болатын. ҚР Денсаулық министрлігімен бірлесе біз сол қаражатты қандай қажеттіліктерге бағыттау керектігін анықтадық. Бұл процесте бізге халықаралық «Қызыл крест» және «Қызыл жарты ай» қозғалысы көмектесетін болады. Бірлескен талқылаулар барысында гранттарды жеке қорғаныс құралдары мен короновирусты анықтайтын тесттерді сатып алуға және қиын жағдайға душар болған жандарға көмек көрсетуге жұмсау туралы шешім қабылданды» - деді Coca-Cola Icecek Kazakhstan компаниясының корпоративтік және реттеу қатынастары жөніндегі директор Алима Исембаева.

Сонымен қатар, Coca-Cola медициналық мекемелер мен Қазақстандағы пандемиямен күреске жұмылдырылған басқа да қызметтерге белсенді түрді қолдау көрсетуін жалғастыруда. Бүгінгі таңда компания қайырымдылық ретінде 5 мың литрден астам өнімін таратып үлгерді, 1000 астам отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді. Компания өз бизнесін жалғастыруға, жұмыс орындарын сақтап қалуға және серіктестерін, жабдықтаушыларды, дистрибьюторлар мен сауда нүктелерді қолдау үшін де бар күш-жігерін салуда.

Үйдің жанындағы дүкендер мен бөлшек сауда дүкендері отбасыларды азық-түлікпен, сусындармен және осы күрделі кезеңде керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолдан келгенін бәрін істеуде. Ал біз сол кәсіпорындар мен олардың қызметін пайдаланатын адамдарға қолдау көрсету үшін барлық мүмкін шараларды қолданудамыз.

Компания өкілдерінің айтуынша олар клиенттерге, тұтынушыларға және қоғамға қызмет көрсетудің үздіксіз жалғасуына жауапты. Үкімет орнатқан қатаң шектеулер мен басқа да нарықтық қиындықтарға қарамастан, CCI-дың бір де бір өндіріс ошағы жабылған жоқ, олардың барлығы өз жұмысын жалғастыруда. Қазақстандағы екі зауыт, бірі Нұр-Сұлтанда, ал екіншісі Алматы облысында, барлық қауіпсіздік және гигиена стандарттарын қатаң сақтай отырып өз өнімдерін өндіруде. Әр қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған, өндіріс жайлары әр сағат сайын дезинфекцияланады, қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылған, ал ауысымдар саны қысқартылған. Дегенмен, қатаң карантин кейбір өзгерістер енгізуге мәжбүр етті.

Бәріміз көріп тұрғандай, қоғам үшін осы бір қиын қыстау кезеңде ірі компаниялар өз үлесін қосуда, ал «biz birgemiz» сөзі мағынасы жағынан кең ауқымда қолданыс тапты.