​Павлодар облысында экологиялық шаралар үшін 529 млн теңге бөлінді

0
1 202

Павлодар облысы 2018 жылды «Экология жылы» деп атады.


​Павлодар облысында экологиялық шаралар үшін 529 млн теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Павлодар облысы 2018 жылды «Экология жылы» деп атады, деп жазады 24.kz.

Атмосфераға таралатын зиянды қалдықтардан айналаны бір жылда тазартып шығу мүмкін емес. Сондықтан ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданып, түрлі экологиялық шаралар қолға алынған. Аймақта қазір қоршаған ортаны қорғауға бағыттылған 14 іс-шара жүзеге асып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 529 миллион теңге қаржы бөлініпті. Экологтар, әсіресе өндіріс ошақтарын жіті бақылауға алған. Облыс аумағында 10 экологиялық бекет бар. Бір көшпелі зертхана жұмыс істейді. Олар ауа құрамын 13 түрлі зиянды заттар бойынша зерттейді. Экологтардың айтуы бойынша, ластану деңгейі жағынан Павлодар облысы республика көлемінде 26-орынға тұрақтапты. Бүгінде ірі өндіріс ошақтары зиянды қалдықтарды ауаға жібермейтін заманауи сүзгілер орнатқан. Ал облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің басым бөлігі орталық жылу жүйесіне қосылыпты.

Берік Сағитов, ЖҚП қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

– Мониторинг барысында біз ауаның құрамын толық тексереміз. Тозаң, күкірт қышқылы, күкіртті сутек, хлорлы сутек, аммиак, азот диоксиді, басқа да зиянды қалдықтар бойынша зерттеулер жүргізіледі. Тиісті параметрлер сақталған. Қандай да бір ауытқушылықтар тіркелген жоқ. Бүгінгі таңда аймақтың экологиялық ахуалы тұрақты деңгейде.

Данияр Әлиев, облыстық экология департаментінің басшысы:

– Басқа қалаларға қарағанда Павлодар облысының өзі орналасқан жері ашық жерде. Сондықтан бізде түтіндер ауада көп тұрмайды. Жалпы айтқанда біздің қазіргі сол пешпен жылытылатын үйлердің бәрін орталық жылу жүйесіне қосу керек. Сонымен осындай проблемаларр шешіледі деп ойлаймын.