Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, қайтыс болған азамат - 40 жасар футболшы. Ал күдікке оның бұрынғы қайын атасы ілініп отыр.
ERNUR.KZ. Кеше сағат 11.42-де облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан 40 жасар азаматтың денесі табылды. Белгілі болғандай, ол ішіне атылған оқтан қайтыс болған, деп жазады inbusiness.kz.
Ал күдікті оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Полиция қызметкерлері дереу іздеу шараларына кірісіп, оқ атуы мүмкін азаматты Павлодардан қашып бара жатқан жерінен құрықтады.
"Патрульдік полиция қызметкерлері күдікке ілінген 1955 жылы туған павлодарлықты Павлодар-Омбы бағытындағы көлігімен кетіп бара жатқанында ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қылмыстық Кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды",- деді Павлодар қалалық полиция басқармасы солтүстік бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.
Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, қайтыс болған азамат - 40 жасар футболшы. Ал күдікке оның бұрынғы қайын атасы ілініп отыр.