Павлодарда полиция қызметкері өлі табылды

0
1 008

Павлодар облысы полиция департаменті қызметкердің өлімі туралы ақпаратты растады, құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.


Павлодарда полиция қызметкері өлі табылды

ERNUR.KZ. Павлодарда Павлодар ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Оспанов өлі табылды, деп жазады sputniknews.kz.

Ер адамның денесі көпқабатты үйлердің бірінің ауласындағы гараждан табылған.

Облыстық полиция департаменті полицейдің өлімін растады.

"Бұл оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімет берді ведомство.

Жергілікті БАҚ-та тәртіп сақшысының өз-өзіне қол жұмсағаны жазылған. Артында екі баласы қалған екен.