​Павлодарлық кәсіпкер өз қаражатына балабақша салып берді

0
1 496

бұған дейін Львока ауылында балабақша болмаған.


​Павлодарлық кәсіпкер өз қаражатына балабақша салып берді

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Тереңкөл ауданына қарасты Львовка ауылында балабақша ашылды. Мекмепке дейінгі білім беру мекемесін кәсіпкер өз қаражатына салып берді, деп жазады Baq.kz.

Енді 3-6 жасар тереңкөлдік балалар сапалы білім мен тәрбие алады. Бұл балабақшаны аудандық мәслихат депутаты Александр Вильгельм Тереңкөл ауданының 90 жылдық мерейтойына тарту етті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынған балабақшаның құрылысына 50 млн. теңге жұмсалды. Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін Львока ауылында балабақша болмаған.

«Елді мекенде тек 15 балаға шақталған шағын орталық жұмыс істеген. Ал балабақша 50 балғынға арналған. Ғимарат орталық жылыту жүйесімен қамтылған. Сонымен қатар, балалардың толыққанды дамуына қолайлы жағдай жасалған. Бассейн, спорт және музыка залдары қажетті құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылды», - дейді мамандар.

Бүгінде Тереңкөл ауданында 22 мектепалды орталық жұмыс істейді.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаевтың мәліметінше, өңірде 427 мектепке дейінгі ұйым бар. Олардың 178-і – балабақша. Сонымен қатар, 39 мыңнан астам бала тәрбие алатын 249 шағын орталық жұмыс істейді.