Полиция киімімен TikTok-та билеген алматылық жауапқа тартылды

0
818

Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерге мониторинг барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киімін заңсыз пайдалану фактісін анықтаған.


Полиция киімімен TikTok-та билеген алматылық жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, видео сюжеті бойынша полицейдің киімін киген жас жігіт өтіп бара жатқан адамдарды TikTok-та өзімен билеуге шақырған.

«Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерге мониторинг барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киімін заңсыз пайдалану фактісін анықтады. Бұл факті бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасы құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен нысанды киімді заңсыз киіп жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,– деп хабарлады полициядан.