Полиция мопедпен ереже бұзатын курьерлерге айыппұл салу тәсілін тапты

0
410

Мегаполисте мопедтердің қатысуымен жол оқиғалары жиілеп кетті.


Полиция мопедпен ереже бұзатын курьерлерге айыппұл салу тәсілін тапты

ERNUR.KZ. Алматы қаласының полициясы "Сергек" арқылы мопедпен жүретін курьерлерді бақылайды, деп жазады sputnik.kz.

Мегаполисте мопедтердің қатысуымен жол оқиғалары жиілеп кетті. Оған қоса, курьерлер ережені сақтамайды, шлем тақпайды, жаяу жүргіншілер жолына шығып кетеді. Осыдан кейін алматылық полицейлер жеткізу қызметтерінің өкілдерімен кездесіп, нақты шараларды қолға алуға келісті. Меморандумға да қол қойылды.
Sergek Development компаниясының өкілі Нұрбол Әміржанның айтуынша, пилоттық жоба бойынша курьерлікпен айналысатын барлық компаниялардың жеткізу қызметкерлері туралы ақпарат енгізілген арнайы база жасақталады.
"Әр жеткізу қызметінің өкіліне жарықпен шағылысатын номер тағайындалады. Сол номер арқылы оның қозғалысы "Сергек" камераларымен қадағаланады. Жоба жол-көлік оқиғаларын азайтуға мүмкіндік береді", - дейді Әміржан.
Пилоттық жоба әзірге профилактикалық мақсатта қолға алынды. Қазіргі таңда мопедтерге қатысты тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізу қарастырылуда. Заң күшіне енген соң, талап та күшетіледі.
"Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 615-бабының нормалары бойынша біз оны оларды әкімшілік жауапкершілікке тарта аламыз. Олар мопед деген ұғыммен емес, жол жүру қозғалысына басқа да қатысушылар деген ұғыммен. Негізі заңнама күшейтіледі қазіргі таңда міндетті түрде. Мопедтерді бөлек көлік құралы етіп санайды, сондықтан, мопедті тізгіндеген азаматтар міндетті түрде өз көлік құралын тіркеуге қою керек және жол жүру куәлігін иемденуі тиіс", - деп атап көрсетті полицяның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Алматыта мопедтердің қатысуымен 199 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бір адам қаза тауып, қалғандары әртүрлі жарақат алған.