Президенттің өкілеттігі кеңейтілмек

0
841

Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдады.


Президенттің өкілеттігі кеңейтілмек

ERNUR.KZ. Мәжілісте Қазақстан Президентінің өкілеттігін төтенше жағдай кезінде кеңейтуге арналған заң жобасы мақұлданды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Төтенше жағдай енгізілген және осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайына байланысты туындаған кезеңде шараларды жедел қабылдау мақсатында Президентке заңнамада көзделген жекелеген қоғамдық қатынастарды реттеудің өзге де тәртібін белгілеу бойынша өкілеттіктер беру ұсынылады", - делінген "Төтенше жағдай мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түсіндірме жазбада.

Президенттің актілері негізінде салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, монополияға қарсы заңнама, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнама, Мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру мәселелері бойынша заңнаманың қолданылу ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

"Заң жобасын іске асыру Президенттің Ұлттық, оның ішінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақтылықты сақтауға бағытталған кейінге қалдыруға болмайтын іс-әрекеттерді талап ететін ТЖ жағдайында қоғамдық қатынастарға жедел араласуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген заң жобасының ғылыми экономикалық сараптамасының қорытындысында.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдады.