Прокуратура Жетісу облысындағы сайлауда түсірілген видеоны тергеп жатыр

0
393

Жетісу облысындағы сайлауда сиясы жоғалып кететін қалам қолданылды деген видеоны прокуратура тексеріп жатыр.


Прокуратура Жетісу облысындағы сайлауда түсірілген видеоны тергеп жатыр

ERNUR.KZ. Әкімдік бұл видеоға қатысты пікір білдіріп, бұл жай ғана хайп екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында белсенді қағазға қаламмен жазып, сосын сияны оттықпен оңай өшіріп тастағаны түсірілген видео тарап жатыр. Ол қала әкімін сайлау өтіп жатқан жергілікті сайлау учаскесінде түсірілген.

Қаратал ауданының әкімдігі блогердің видеосына қатысты пікір білдірді. Олардың айуынша, бұл - белсендінің хайп жасауға сылтауы ғана.

"Осы видеоға қатысты жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз, бұл видеоны автор арандатушылық пен дүрліктіру мақсатында түсірген деген күдік бар. Залда екі бейнебақылау камерасы орнатылған және мектеп аумағанда тағы 20 камера бар.
Видео авторы қаламды өзі әдейі әкелген шығар. Қалған қаламдарға ұқсайды, көк түсті. Дерек бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғады. Толық ақпарат кейінірек жарияланады", - деді Қаратал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Әкімдік дауыстарды санау кезінде атышулы видео түсірілген сайлау учаскесінде алынған дауыстар ескерілетінін қосты.