Алматыда НИШ оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті

0
1 131

Мектепте оқушылар "Гарри Поттер" тақырыбындағы көрініс қойған. Осы кезде сегізінші сынып оқушысы әзіл ретінде белдемше киген.


Алматыда НИШ оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, мектепте оқушылар "Гарри Поттер" тақырыбындағы көрініс қойған. Осы кезде сегізінші сынып оқушысы әзіл ретінде белдемше киген. Оқушының бұл қылығы кураторға ұнамай, ашуын тудырады. Бұдан соң мұғалім оны ұрсып, психологқа сүйреп апарған. Маманмен сөйлескеннен кейін оқушы 11 қабаттан секіріп кеткен.

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп әкімшілігі болған жағдайды растады.

“27 қазан күні 8-сынып оқушысы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайтынын хабарлайды”, – делінген хабарламада.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт ҚР ҚК 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.