Ресей 30 қаңтарда Сочи қаласында өткен сириялық ұлттық диалог конгресіне бақылаушы жібергені үшін Қазақстанға алғысын білдірді.
Ресей 30 қаңтарда Сочи қаласында өткен сириялық ұлттық диалог конгресіне бақылаушы жібергені үшін Қазақстанға алғысын білдірді, - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың атына жолдаған үндеуінде өткен іс-шара Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру жолындағы ірі және маңызды қадам ретінде тарихқа енетіні жөнінде айтылған.
- деп атап өтті С. Лавров өзінің жолдауында.
«Бұл ірі Форумды дайындау және өткізу барысында біз халықаралық әріптестерімізбен, олардың ішінде Астана процессінің қонақжайлы отағасы міндетін атқарып отырған, аса маңызды рөлге ие Қазақстанмен әрекеттеріміздің тұрақты үйлестіруін қолдауға мүмкіндік болғанына қанағат білдіремін», - деп атап өтті С. Лавров өзінің жолдауында.
Сонымен қатар, Ресей СІМ басшысы Қазақстанның Сирияда бейбітшілікке қол жеткізуге қосқан үлесін жоғары бағалай келе, Астана алаңындағы Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы нәтижесінде жемісті болатынына сенім білдірді.