Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы оқу орындарының бірінде оқушылардың сабақта порно көргені туралы видео тараған болатын.
ERNUR.KZ. Алматы прокурорлары мектеп оқушыларының сабақ үстінде порнографиялық сипаттағы видео көріп, сыныптастарын қорлау дерегіне қатысты пікір білдірді. Видео 2022 жылдың қаңтарында түсірілген, деп жазады tengrinews.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қаладағы оқу орындарының бірінде оқушылардың сабақта порно көргені туралы видео тараған болатын. Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тыйым салынған ақпараттан қорғалғандығына талдау жасады.
"Мұндай сайттарды бұғаттау бойынша органдардың қабылдап жатқан шараларына қарамастан, іс жүзінде күн сайын жаңалары құрылып жатыр. Осыны ескере отырып, Алматы қаласының прокуратурасы осындай контентке мониторинг жүргізу және олардың оқушылар арасында таралуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтіп, қайта қарауды ұсынды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Білім басқармасы арнайы бұйрық қабылдады, ол бойынша "Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы" КММ-не мониторинг жүргізу және "қара тізімді" қалыптастыру міндеті жүктелді. Анықталған тыйым салынған сайттар School net корпоративтік желісіне енгізіледі. Бұл оқушылардың жағымсыз контентке қолжетімділігін барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Заң бойынша мемлекеттік органдар, қарауға тыйым салынған, порнография, қатыгездік және зорлық-зомбылық тарататын, адамның абыройын қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін контентке балалардың қол жеткізуіне жол бермеуге бағытталған шараларды қабылдауы тиіс екені айтылды.