​500 теңге пара берген азаматшаға 336 700 теңге айыппұл салынды

0
1 767

Астаналық тұрғынға салық қызметкеріне 500 теңге бергені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​500 теңге пара берген азаматшаға 336 700 теңге айыппұл салынды

иллюстарциялық фото: alau.kz

Астаналық тұрғынға салық қызметкеріне 500 теңге бергені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, ол 2018 жылдың 20 наурызында бас маманға салық есебін өткізу кезінде "салық төлеуші кабинетінде" көмектескені үшін 500 теңге көлемінде ақша берген. Бұл туралы қызметкердің өзі айтып отыр.

"Астана қалалық Мемлекеттік кірістер депмартаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы өкілдері жүргізген тексеріс нәтижесінде лауазымды тұлғаға қатысты құқыққа қарсы әрекет жасаған азаматша анықталды. Ведомство өкілдері әйелге қатысты материалдарды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдеріне жолдады", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаментіндегілер.

Нәтижесінде, ведомство мәліметінше, азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабы бойынша ("Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi") әкімшілік хаттама толтырылып, сот органдарына жіберілді. 2018 жылдың 25 сәуірінде Астананың мамандандырылған ауданаралық соты әйелді 676-бап бойынша айыпты деп танып, 336 700 теңге көлемінде айыппұл салды.