Сәуірден бері Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдікке айыппұл салынды

0
1 150

Қазақстан Республикасының аумағынан 5 жыл мерзімге шығарылады.


Сәуірден бері Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдікке айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының №2 Бостандық аудандық соты түрік азаматының Қазақстаннан уақтылы кетпегеніне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады Вaq.kz.

Соттың мәлімдеуінше, 2018 жылдың 26 маусымында сағат 10.00 шамасында Жарокова-Утепова көшелерінің қиылысында Алматы қаласы Көші-қон полиция басқармасының арнайы көші-қон полициясының жедел қызметі жүргізген іздестіру іс-шаралары барысында Түркия Республикасының азаматы Ж.-ның Қазақстан Республикасы аумағында болуының заңсыз екені анықталды.

Нәтижесінде Түркия азаматының тұрақты тұрғылықты мекенжайы болмағаны дәлелденді. Онымен қоса, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 4 сәуірдегі қаулысына қарағанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарына сәйкес Ж. Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Алайда, ол Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылу туралы талапты біле тұра орындамады.

Сот шешімі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 60125 теңге айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының аумағынан 5 жыл мерзімге шығарылады.
Сот шешімі күшіне енді.