Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады, солтүстікте күн бұрқасындатады.
ERNUR.KZ. Ауа райына байланысты 28 қарашада сегіз өңірде және Шымкент қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп жазады ktk.kz
"Ауқымды антициклон ықпалының әсерінен республиканың басым бөлігінде күн ашық болады, тек республиканың қиыр батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады", - деп хабарлады синоптиктер.
Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады, солтүстікте күн бұрқасындатады. 28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с болады. 28 қарашада Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с шамасында сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Орал қаласында күндіз көктайғақ болады. 28 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарында күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Шымкент қаласында ертең түнде және таңертең тұман сақталады. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Петропавл қаласында түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.