Семей қаласының әкімі тағайындалды

0
574

Бақытжан Баяхметов бұған дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Семей қаласының әкімі тағайындалды

ERNUR.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының активіне шаһардың жаңа басшысын таныстырды. Бұған дейін облыс басшысының орынбасары болған Бақытжан Баяхметов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

25 қаңтарда Семей әкімі болып тағайындалған Нұрымбет Сақтағанов денсаулығына байланысты Семей қаласы әкімі қызметінен босатылды.

Бақытжан Кәкенқажыұлы 1970 жылдың 29 тамызында Семей облысы, Аягөз қаласында туған.

1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992-1999 жылдары «Алтайэнерго» мекемесінде Аягөз электр торабының инженері ретінде бастап, 1999-2000 жылдары жергілікті автоматикалық релелік қорғау қызметінің бастығы болып тағайындалады.

2000 жылы «ШҚ РЭК» жабық акционерлік қоғамның техникалық қамсыздандыру және релелік автоматикалық қорғау бөлімінің басшысы болып, 2000-2001 жылдары «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамның бас диспетчері болып жұмыс істеді.

2001-2004 жылдары аудандық электр торабын да бөлім басшысы, торап бастығы қызметтерін атқарды.

2004 жылы «ШК РЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының директоры болып тағайындалды.

2004-2005 жылдары Бородулиха ауданының электр торабының бастығы болып қызмет ақтарды.

2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары «Дана-Аягөз» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры ретінде жұмыс істеді.

2009 жылғы ақпан айынан маусым айында дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігін де басқарма бастығы, бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2009 жылдың маусымында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас эксперті болып тағайындалды.

2009 жылғы қазанынан бастап Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы қызметіне ауысты.

2010 жылдың қарашасынан Аягөз қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

2014 жылдың шілдесінен Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарса, осы жылдың желтоқсан айынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Аягөз ауданын басқарды.

2019 сәуірінен 2021 жылдың маусымына дейін ШҚО әкімінің орынбасары болды.