Полиция басқармасының басшысы барша үй аламын деушілерге сақ болуды ескертеді.
ERNUR.KZ. Семейде мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп жұртты алдаған алаяқ пайда болды, деп жазады altaynews.kz.
Күдікті барлық жұмысты өзі істейтінін айтып, осы «еңбегіне» 300 мың теңге сұрайды екен.
Жуықта Полиция басқармасына қала тұрғынынан шағым түсті. Тексеру барысында сақшылар 42 жастағы әйелді ұстады.
Күдікті бұрын да істі болған адам екен. Әлгі алған 300 мың теңгені жаратып та үлгеріпті.
ҚР ҚК 190-бап «алаяқтық жолмен ақша алу» бөлімі бойынша оның үстінен іс қозғалды. Тергеу ісі әлі жалғасып жатыр және күдіктінің басқа кімдерді алдағаны анықталуда.
Полиция басқармасының басшысы барша үй аламын деушілерге сақ болуды ескертеді.