"Сезіміммен ойнады": Қызылордалық жігіт екі күн бұрын танысқан қыздың үстінен шағымданып, полиция шақырған (видео)

0
234

Қызылорда тұрғыны "сезіміммен ойнады" деп қыздың үстінен шағымданып, полицияға хабарласқан видеосы желіде тарады.


Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Мәлімдеулерінше, жігіт пен қыз бір-бірін аса танымайды, екі күн бұрын танысқан екен. Сөйтіп қыздың басқа біреудің көлігінде отырғанына ашуланып, полиция шақырған. Қыз полицияның келіп тұрғанын видеоға түсіріп алыпты, деп жазады stan.kz.

"Полиция қызметкерлері Қызылорда тұрғынының арызы бойынша тексеріс жүргізді, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың болмауына байланысты, сондай-ақ тараптардың арыз беруден бас тартуына байланысты материал қараусыз қалдырылды", – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бойжеткен полицияға түсініктеме жазған екен, онда арызданушымен бір күн бұрын танысқанын және досының көлігінде отырғанын, жігіт сол кезде қызғанып шу шығарғанын айтты. Осыдан соң жігіт полицияға хабарласқан екен.