Шерзаттың әкесінің беті неден көгергені белгілі болды

0
224

Бұған дейін желіде Қаржаубай Нұрымовтың алғаш түсірген бейнежазбасы мен соңғы бейнежазбадағы түрін салыстырған суреттер тарап кеткен болатын.


Шерзаттың әкесінің беті неден көгергені белгілі болды

Фото: inbusiness.kz.

ERNUR.KZ. Осыған байланысты қорғаушы Саида Тәукелова түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Сынған мұрын 4 қазанға байланысты оқиғалардың салдары. Қаржаубай өз баласын қорғауға тырысқанда жарақат алды. Анатомиялық тұрғыдан, бетке тиген соққылардың ісінуі мен көгеру іздерінің пайда болуы уақыт алады. Бұл әр адамның терісі мен жағдайына байланысты. Осы жағдайға байланысты қауесеттер мен шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпау үшін сенімді дереккөздерге сүйенуді ұсынамыз. Жаңа фактілер анықталған кезде хабарлаймыз", – деді ол.

Қаржаубай Нұрымовтың айтуынша, бетіндегі көгеру іздері алғашқы төбелес кезінде қалған.

"Өткенде дүкенде баламды арашалап жүргенде, төбелестің кезінде бетіме соққылар тиді. Сол уақытта бетіме, мұрныма жарақаттар келді. Кейіннен барып бұлап көгеріп, ісіді. Бірден пайда болған жоқ. Қазір басылды, себебі мұз қойдық, дәрі жақтық. Қазір менде бәрі дұрыс", – деді ол.