ШҚО-да қайтадан блокбекеттер қойылды

0
2 391

Екі блокпост Павлодар облысы тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларында орнатылды.


ШҚО-да қайтадан блокбекеттер қойылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақта шектеу шараларын 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 ақпанына дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды, деп жазады Tengrinews.kz.

Құжатқа сәйкес, облыста санитарлық блокбекет қайта орнатылды. Екі блокпост Павлодар облысы тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларында орнатылды. ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін 4 санитарлық бекет - "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттеріне (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары - 1 бекеттен) қойылды.

Жұқпалы ауруы бар немесе ауыруы мүмкін адамдар, оның ішінде COVID-19 (тыныс алуда қиындық (жөтел, дене қызуы, ентігу) анықталған кезде 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру қажет делінген қаулыда.