Шонжы ауылында 72 жастағы зейнеткер 12-дегі қызды зорлады – тергеу басталды

0
706

Полицияның айтуынша, ер адам мектепке барып, қызбен сөйлесіп тұрған.


Шонжы ауылында 72 жастағы зейнеткер 12-дегі қызды зорлады – тергеу басталды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында 12 жастағы қызды 72-дегі ер адам зорлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Полицияның айтуынша, ер адам мектепке барып, қызбен сөйлесіп тұрған. Мұны тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші байқап қалып, ер адамға ескерту жасаған.
"Ер адам мектептің алдына келгенде мұғалімдер көріп қалған. Мектептің алдында қызбен әңгімелесіп тұрған. Тәрбие меңгерушісі ер адамға ескерту жасады. Қызды шақырып алып, меңгеруші сөйлесті. Оқушы басында "атаң бар ма деп жай сұрады" деп айтпаған. Кейін психологтар жұмыс жасай келе бәрін айтып берген. Қыз небәрі 12 жаста, бұл жаста ондай өтірік айтады деп ойламаймыз. Қыздың айтуынша, ер адам оған екі рет тиіскен", - деді Шонжы аудандық полиция бөлімі Sputnik Қазақстанға.
72 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бап 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты жасалған зорлық") фактісімен күдікті деп танылып, сот санкциясымен екі айға қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Ал аудандық білім бөлімі тергеу бітпейінше, еш уәж айта алмаймыз дейді.