Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 39-ға жетті: Төртеуі ауыр халде

0
1 335

"Түнде тағы 20 адам жеткізілді. Барлығына "өткір ішек инфекциясы" диагнозы қойылып отыр. Олардың барлығы балмұздақ жегенін айтуда. Ең кішісі 5 жаста"


Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 39-ға жетті: Төртеуі ауыр халде

Шымкентте балмұздақ жегеннен кейін жаппай улану фактілері тіркелуде. Кешеден бері облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен 40-қа тарта адам түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабековтың айтуынша, науқастардың төртеуі ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған. Барлығы да балмұздақты қаладағы бір орыннан сатып алған. «Ауруханаға кеше үш бала мен үш ересек науқас түсті. Түнде тағы 20 адам жеткізілді. Барлығына "өткір ішек инфекциясы" диагнозы қойылып отыр. Олардың барлығы балмұздақ жегенін айтуда. Ең кішісі 5 жаста», - дейді Ғалымжан Айнабеков. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше науқастар саны сағат сайын өсіп отыр. Қазіргі таңда олардың саны 39 адамға жеткен.