Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкері әріптесінің пәтерін өртеп жіберді

0
337

Ақтөбе қаласында жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі әріптесінің пәтеріне барып, оны өртеп жіберген.


Ақтөбеде жедел жәрдем қызметкері әріптесінің пәтерін өртеп жіберді

фото: Нова телевизия

ERNUR.KZ. Ол мұндай әрекетке кезекті еңбек демалысына шыға алмағаны үшін барғанын түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz.

Қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотында қаралды. Жүргізушіге Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою айыбы тағылды. Оқиға шілде айында болған. Жұмыс кезінде әріптесімен кезекті демалыс мәселесінде келіспей, жанжалдасып қалған ол әріптесінің мүлкіне зиян келтіруге дейін барған.

"Сотталушы пәтердің қосымша кілті өзінде бар екенін есіне түсіріп, жәбірленушінің үйіне таксимен барған. Өзіндегі қосымша кілтпен пәтерге кіріп, жатын бөлмеде ілулі тұрған шалбарды жағып жібереді. Бұл әрекеті үшін кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің талап арызы шығын өтелгендіктен қанағаттандырылмады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ", – деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.