Атырау облысында үй жанып, анасы мен ұлы тірідей өртеніп кетті

0
345

Өрт кезінде 66 жастағы анасы мен 35 жастағы ұлы қаза тапты.


Атырау облысында үй жанып, анасы мен ұлы тірідей өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысында жекеменшік үй өртеніп, 2 адам қаза тапты. Тағы 2 жәбірленуші қазір аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр, деп жазады baq.kz.

Қайғылы оқиға 11 қараша таңғы сағат 5 шамасында болған. Өрт ауданы 72 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйге жалғасып жатқан ғимараттан шыққан.

Өрт кезінде 66 жастағы анасы мен 35 жастағы ұлы қаза тапты. Екі қолын күйік шалған 58 жастағы отағасы мен 5 жасар немересі түтіннен улану белгілерімен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Өрт сағат 5:52-де ауыздықталып, 6:30-да толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру мекемесінің тоғыз қызметкері, екі бірлік техника және «GRWORLD» ЖШС-дан үш адам, бір техника жұмылдырылды, - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.