СҚО-да жеке үйлердің бірі өртеніп, ер адам қаза тапты

0
1 010

Өртті сөндіруге 1 өрт сөндіру техникасы мен 3 өрт сөндіруші жұмылдырылған.


СҚО-да жеке үйлердің бірі өртеніп, ер адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 12 наурыз күні сағат 12:34-те Петровка ауылындағы жеке үйлердің бірі өртенді, деп жазады sn.kz.

Өртті сөндіруге 1 өрт сөндіру техникасы мен 3 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Үйден 1967 жылы туған ер адамның денесі табылды.

Қызыл жалын сағат 14:23-те толық сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы - 7 шаршы метр.

2013 жылы 23 сәуірде дәл осы үйде үй иесі мас күйінде темекі шегіп, өрттің тұтануына себеп болған екен.