Спорт федерацияларының ақшасын тексеретін комиссия құрылды

0
332

Комиссияның ішінде спорт министрлігі мен дене шынықтыру басқармаларының қызметкерлері бар.


Спорт федерацияларының ақшасын тексеретін комиссия құрылды

Фото: туризм және спорт министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстанда спорт федерацияларының ақшасын тексеретін комиссия құрылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл комиссия спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастырады деген үміт бар.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездескен кезде спортта басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруды, оның ішінде өңірлерде спорт түрлерін қаржыландыру саясатын айқындауды тапсырған болатын», - деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.

Министрлік дәл осы тапсырманы орындау үшін жұмыс тобын құрған.

«Жұмыс тобы республикалық федерациялардың қызметіне талдау жүргізіп, олардың қаржыландыру тәсілдерін қайта қарайды. Сондай-ақ спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру тетіктерін пысықтайды. Сонымен қатар басым спорт түрлерін нақтылау, өңірлердегі спорт саласына жауапты басқарма басшыларын тағайындауды уәкілетті органмен келісу секілді ұсыныстар береді», - деп жазған министрлік ресми ақпаратында.

Дереккөзге сүйенсек, жұмыс тобының құрамына министрлік пен аймақтық дене шынықтыру және спорт басқармаларының қызметкерлері енді. Қазір олар өңірлерді аралап жүр.