Спорт мектебі қызметкерлеріне қосымша ақы төлене бастады

0
494

Олардың арасында оқытушылар, жаттықтырушылар, әдіскерлер және басқа да қызметкерлер бар.


Спорт мектебі қызметкерлеріне қосымша ақы төлене бастады

ERNUR.KZ. Елімізде дене шынықтыру және спорт саласының 66 мыңнан астам маманы жұмыс істейді, деп жазады baq.kz.

Елімізде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаттардың педагогтарына, жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлене бастады.

Атап айтқанда, педагог-модератор біліктілік санаты үшін лауазымдық еңбекақының 30% мөлшерінде, педагог-сарапшыға — лауазымдық еңбекақының 35%, педагог-зерттеушіге – 40% және педагог-шебер біліктілік санаты үшін — лауазымдық еңбекақының 50% мөлшерінде үстемеақы көзделген. Елімізде дене шынықтыру және спорт саласының 66 мыңнан астам маманы жұмыс істейді.

Олардың арасында оқытушылар, жаттықтырушылар, әдіскерлер және басқа да қызметкерлер бар. Оның ішінде мамандардың шамамен 42%-ы немесе 28 мыңнан астамы ауылдық жерлерде қызмет атқарады.

Елімізде бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту - маман даярлаумен және сала қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен тікелей байланысты. Жыл сайын 2 мыңға жуық мектеп түлегі жоғары оқу орындарына «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша қабылданады. Бүгінгі таңда университеттердің білім беру бағдарламалары жаңартылып, оларға «Спорт менеджменті», «Спорт психологиясы», «Денсаулық менеджменті», «Спорттық құқық», «Спорттық медицина», «Спорт журналистикасы» және басқа да жаңа пәндер қосылды, — деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.