Студенттер тұратын хостелдерге қойылатын талаптар күшейеді

0
431

Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларындағы 26 колледжде (18 жекеменшік, 8 мемлекеттік) білім алатын 990 студент 14 жатақханада тұрады.


Студенттер тұратын хостелдерге қойылатын талаптар күшейеді

ERNUR.KZ. Қазақстанда студенттер жалдап тұратын хостелдерге санитарлық, өртке қарсы қауіпсіздік талаптары тұрғысынан қойылатын талаптар күшейеді, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, студенттер тұратын хостелдер әрқашан санитарлық, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келе бермейді. Оның үстіне, студенттер өз бетінше жатақханаға орналасқан жағдайда колледждер мен білім басқармасы тарапынан бақылау болмайды.

Министрліктің мәліметінше, бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларындағы 26 колледжде (18 жекеменшік, 8 мемлекеттік) білім алатын 990 студент 14 жатақханада тұрады.

Астана қаласының тәжірибесі көрсеткендей, студенттерді хостелге орналастыру үшін колледждер қауіпсіздік нормаларының талаптарын ескере отырып, студенттердің уақытша тұруы үшін хостелдерге арнайы тұрғын бөлмелері бар үй-жайларды іріктеу үшін конкурс өткізеді.

"Осыған байланысты, хостелдер мен қонақүйлерде тұратын студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында колледждер іріктеу кезінде хостелдерге қойылатын талаптарды күшейту ұсынылады", – делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.