Тегін медициналық білім алғандар елімізде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

0
1 524


Тегін медициналық білім алғандар елімізде 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

көрнекі фото: almatymed.kz

ERNUR.KZ. 2019 жылдан бастап медициналық оқу орындарында мемлекеттік грантпен білім алған студенттер ел аймақтарында үш жыл еңбек етуі міндеттеледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп жазады Алматы арнасы.

Бұл жаңашылдық алдағы жылдары ведомство өкілдері жасап шығатын жаңа кодекске енбек. Осылайша шенеуніктер медицина саласындағы мамандардың жетіспеушілік мәселесін шешпек.

«2019 жылдан бастап әрбір медициналық білім ордаларында тегін білім алғандар аймақтарда жұмыс істеуі міндетті болмақ. Бұл мәселе қазіргі кезде аталмыш саласындағы маман жетіспеушілігін жоймақ. Жаңашылдық жаңа кодексте де болмақ», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей ЦОЙ.

Сондай-ақ, желтоқсанда әрбір азаматтың электрондық медициналық паспорт пайда болады. Онда адамның өмір бойғы денсаулық ахуалы мен дерттері, қабылдаған дәрілері енгізіледі.