Терезеден секіріп кетті: қазақстандық карантиннен қашты

0
766

Ер адам өзінің кінәсін мойындап отыр, оған ескерту жасалды. Қазіргі уақытта қайтадан дәрігерлер қарауына алынды.


Терезеден секіріп кетті: қазақстандық карантиннен қашты

ERNUR.KZ. Атырауда ер адам карантиндік нысаннан қашып кетті. Ол облыстық туберкулезге қарсы диспансердің екінші қабат терезесінен секірген, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстандық 18 наурыз күні түнді үш шамасында Литвадан келген. Бірден карантинге жатқызылды. Алайда оның бұған көңілі толмаған.
"Кейін ол өз кінәсін мойындады. Сот шешімімен әкімшілік шара ретінде ескерту жасалды. Қазір ер адам қайтадан дәрігерлер қарауына алынды", - деді денсаулық сақтау министрлігінің тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде.
Еске салайық, дүйсенбі күні Түркістан облысында да карантинді бұзған ер адам ұсталған болатын.
Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай енгізілді. Коронавирус бойынша қауіпті саналатын елдерден келгендер және коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар карантинге жатқызылады.
Қазіргі уақытта елде 44 адамда коронавирус анықталды. 19-ы - Алматыда, 25-і - астанада.