Тоқаев: Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы нақты нәтижемен өлшенеді

0
351

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.


Тоқаев: Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы нақты нәтижемен өлшенеді

ERNUR.KZ. Президент отырыста еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сөз болатынын айтты, деп жазады zakon.kz.

"Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр", – деді Президент.

Сондай-ақ ол елде 20 қараша күні өткен сайлауға тоқталды.

"Жуырда өткен Президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз".Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданғанын атап өтті.

"Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады", – деді ол.