Президент бірқатар елдің елшілерін тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.