ҰҚШҰ елдері парламенттік делегацияларының басшылары Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысу үшін келген ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің спикерлерімен кездесті, деп жазады sputnik.kz.
"Кездесуде ҰҚШҰ-ның жай-күйі мен даму перспективалары талқыланып, ұйымның парламенттік өлшемінің маңыздылығы айтылды. Қазақстан президенті ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының қызметін жоғары бағалады. Ассамблея қабылдаған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын аталып өтті", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңертең ҰҚШҰ елдері парламенттік делегацияларының басшылары Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.