Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

0
581

Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады.


Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.


«Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады.

Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.