Халық көшеге шығып, үйден алыстауға тырысқан.
ERNUR.KZ. Османие және Адана қалаларында 3,9 және 4 балдық зілзала тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.
Апат және төтенше жағдай басқармасының хабарлауынша, бүгін Түркия уақытымен сағат 12-ден 14 минут кеткенде Османие қаласының Дүзичи ауданында 3,9 балдық жер сілкінісі болды. Ол 7 шақырым тереңдікке жеткен.
Сонымен қатар кеше кешкі сағат 22:35-те Адана қаласында 4 балдық жер сілікінісі тіркелген. Оның тереңдігі де 7 шақырымды құраған. Қандай да бір қайғылы жағдай тіркелмеген. Сонда да халық көшеге шығып, үйден алыстауға тырысқан.
Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 48 мыңға жуықтаған.