Екі баланың анасы 10-қабаттан секіріп, бақилық болған.
ERNUR.KZ. Өз-өзіне қол жұмсаған Орал қаласының тұрғыны жайлы куәгерлер айтып берді. Екі баланың анасы 10-қабаттан секіріп, бақилық болған, деп жазады Stan.kz.
Ешқандай айғай естімегендерін, тек жерге құлаған кездегі дыбыс естілгенін айтады. Қайғылы оқиға орнына жедел жеткен үй тұрғындары марқұмнан көршісін таныған. Адамдардың сөзінше, бірнеше жыл бұрын бір қыз осы жерде пәтер жалдап тұрған. Осылайша, ол осы жерден тұрмысқа шығып кеткен. Отбасыны ел жағдайы жаман болмаған деп біледі.
Келіншектің бұрынғы мекен-жайына қайтып оралуына не түрткі болғаны, оның жан түршігерлік қадамға баруына не әсер еткені белгісіз.
“Оның қасында сынған телефон жатты, иығында сөмкесін асып алған, жанында көзілдірік және көзге тамызатын тамшылар жатты. Сөмкесінде де көз тамшылары болды.
Оның артында екі баласы қалды, 4 жастағы ұл және бір жарым жаста бір қызы.
Марқұм 24 жаста болған. Мәйіт сот-медициналық сараптамадан өту үшін мәйітханаға жіберілді. Бұл факт суицид ретінде тіркелді. Полиция қызды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген кім екенін анықтауда.
“Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды”, – дейді БҚО ПД өкілі Дариға Мәжітова.