Үкімет басшысы бірқатар облыс әкіміне құрылысты жандандыруды тапсырды

0
1 082

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбекке Қарағанды облысының әкімдігімен бірге қажетті жұмыстарды қолға алып, зауыттағы өнім шығару көлемін қалпына келтіруді тапсырды.


Үкімет басшысы бірқатар облыс әкіміне құрылысты жандандыруды тапсырды

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар облыстың әкіміне құрылыс жұмыстарын жандандыруды тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазір баяндамалардан көріп отырғанымыздай, қаңтар айының қорытындысы бойынша экономикалық өсімнің бәсеңдеуі байқалады. Дегенмен, жыл жаңадан басталды, жұмысты ретке келтіру қолымызда. Мәселе негізінен құрылыс саласына байланысты. Баяндамада көрсетілгендей, Қызылорда, СҚО, БҚО, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында құрылыс жұмыстарының төмендеп кетуі байқалады. Жылдың басы, өңірлердегі әріптестер мұны бір қалыпқа келтірулеріңізді сұраймыз. Жеке өздеріңіздің бақылауларыңызға алыңыздар»,- деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр өткен жылдың қараша айында «Арселор Миталл Теміртау» кәсіпорнында апат орын алғанын еске салды. Осы ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбекке Қарағанды облысының әкімдігімен бірге қажетті жұмыстарды қолға алып, зауыттағы өнім шығару көлемін қалпына келтіруді тапсырды.

«Басқа бағыттар бойынша ешқандай кедергі жоқ, тапсырма берілді. Елбасының Үкіметтің кеңетілген отырысында қойған тапсырмаларын орындауға мүмкіншілігіміз бар. Резерв жеткілікті. Тек қана бірігіп, жұмысымызды одан ары қарай жалғастыруымыз қажет. Асқар Ұзақбайұлы, әдеттегідей бұл сұрақ бойынша өңірлермен бірлесе отырып, әрбір сала бойынша бақылауды қолға алуыңызды сұраймын», - деді Бақытжан Сағынтаев бірінші орынбасары Маминге қарата.