Үкімет көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін қарастыруда

0
1 463

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің жанынан еліміз азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылған.


Үкімет көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін қарастыруда

ERNUR.KZ. Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі Үкімет жанынан құрылған жұмыс тобында жеке қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл мәселе бойынша арнай жұмыс тобы құрылды және осы жұмыс тобының аясында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін жеке қарастырып жатырмыз. Қысқа мерзімде тиісті ұсыныстар біздің тарапымыздан берілетін болады. Көпбалалы отбасылардың жағдайлары нашар екендігін түсінеміз. Сондықтан оларға көмек қолжетімді болуы керек», - деді Ә.Смайылов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының жеткілісіз екендігін ашық айтты.

«Сол себепті жыл сайын өзгерістер енгізіліп отырады. Жалпы, әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат жыл сайын артып келеді. Мемлекеттік бюджетті әлеуметтік бюджет деп айтуға болады. Соңғы 2 жылда әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың үлесі 34-тен 44 пайызға өсті және осы үш жылдың ішінде, яғни 2021 жылға дейін әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат 49,1 пайызға дейін артады», - деді министр.

Еске салайық, 6 ақпан күні Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің жанынан еліміз азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.