Үштөбеде анасы 2 жасар баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған (видео)

0
1 123

Баланың туған тəтесі шілде айынан бері жиенін көрмеген.


Үштөбеде анасы 2 жасар баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған (видео)

Алматы облысында екі жасар бүлдіршіннің өлімі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 қазан сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жасар баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Полицияға баланың туған тəтесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бері жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген.

Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан.

Полицейлер жедел түрде күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде 27 жастағы Үштөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған.

Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.