Бүгінгі таңда Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті рұқсат етілген бағаларды енгізу әдістемесін бекітті.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты, деп жазады baq.kz.
Бүгінгі таңда Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті рұқсат етілген бағаларды енгізу әдістемесін бекітті. Жаңа әдістеме инфляцияның белгіленген дәлізінде сөрелердегі баға өсімін шектеуге мүмкіндік береді.Биылдың 1 тоқсанына шекті мәндер бекітілген.Әкімдіктер тарапынан сауда үстемесінің сақталуына және сауда желілерінің сыйақы алмауына күшейтілген мониторинг пен бақылау жүргізілетін болады. Осы жұмысқа тұтынушылар қатысатын болады, - деді ол.
Министр атағандай, үстеме бағаны көтеретін сауда желілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мұнай өнімдері мен сұйытылған газдың бағаларын бекіту бойынша қабылданған шаралармен қатар, Энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдары, электр энергиясы және оларды тасымалдау бағаларын ұстап тұру бойынша қосымша шаралар әзірледі.Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмір бағасының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауда.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бизнес субъектілерінің монополиялық жағдайды теріс пайдалануы немесе сөз байласу белгілері болған жағдайда монополияға қарсы ден қою шараларын дереу қабылдайды, - деді Сұлтанов.
Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың жұмысы жедел іс-қимылдар жоспарында көзделген барлық шараларды сапалы орындай отырып, жоғары инфляция проблемаларын шешуге бағытталады.